Жыл сайын , 29 қазанда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің бастамасымен біздің елімізде Қамқоршылар күні атап өтіледі.
Бұл ерекше мереке, әр түрлі себептермен ата-анасы жоқ балалар үшін жауапкершілікті өз мойнына алған адамдарға арналған.
Бүгін, Қамқоршылар күні қарсаңында Аққайың білім бөлімі қамқоршы В.Н. Кобылкинаға сыйлық табыс етті.
Құрметті қамқоршылар, Сіздердің еңбегіңіз бағаланбай қалады , мүмкін ол бүгін байқалмайды, бірақ кейін көрінеді.
«Астрахан ОМ» КММ ұжымы сіздерге үлкен алғысын білдіріп, мерекемен құттықтайды.