«Spelling bee»

29 қаңтарда «Spelling bee» байқауының аудандық кезеңі өтті, онда 10 сынып оқушысы 1 орынды иеленді.
Spelling Bee-бұл ағылшын тілді елдердегі ең көне тіл байқауы.
Spelling Bee бұл сөздерді әріппен жаза білудегі жарыс. Байқау балаларды көбірек сөздерді үйренуге шақырады, ал үлкен сөздік өз кезегінде өмірде көмектеседі: көбірек оқуға, жаңа нәрселерді үйренуге ынталандырады. Сонымен қатар, Spelling Bee есте сақтау мен зейінді жаттықтырады.
Байқау екі кезеңнен тұрды: жазбаша диктант және сөздердің ауызша айтылуы. Тапсырмалар қиындық деңгейінің артуы бойынша дәйекті түрде берілді. Бірақ Анна екі турды да сенімді өткізді.
Алда облыстық кезеңде ауданның намысын қорғау міндеті тұр.

Қосымша ақпарат көздері