Астрахан орта мектебінің бастауыш сынып оқушыларымен үлкен үзілісте кәсіптік бағдар жұмысы бойынша «Ұстап ал – айт», «Іс-қимылды білдіретін сөздерді айт», «Табылған заттар бюросы» тағы да басқа қызықты ойындар өткізіліп тұрады.
Мақсаты: Ересектердің мамандықтары туралы білімдерін нығайту, олардың еңбегіне деген құрметтерін тәрбиелеу болып табылады.
Назарларыңызға бір ойынның сипаттамасын ұсынамыз.
«Ұстап ал – айт»
Ойын барысында балалар шеңберге тұрады, ал жүргізуші мамандықты айтып допты лақтырады, допты ұстап алған бала аталған мамандық иесінің не істейтінін айтып, допты кейін лақтырады.
Дәрігер – емдейді
Суретші – сурет салады
Аспаз – тамақ әзірлейді
Құрылысшы – үй, балабақша, мектеп, көптеген ғимараттарды салады, ….т.б
Бұл ойындар бастауыш буын оқушыларын өте қызықтырады, олар бұл ойынды өз беттерімен де ойнай алады.