Кәсіптік бағдар беру мақсатында жоғары буын оқушыларымен кәсіптік бағдар беру сыныптық сағаттары өткізілді.
Оқушыларға «Мамандықтарды таңдау құпиялары» слайд-презентациясы ұсынылды,
Мамандықты дұрыс таңдау үшін нені ескеру керек?
Мамандықтарды таңдау – бұл болашақта айналысқысы келетін қызметті таңдаудың саналы процесі.
Өз қабілеттерін, қызығушылықтарын және дағдыларын талдап, содан кейін ғана мамандықты таңдау керек екені туралы ақпарат берілді.
Кәсіптің әр түріне тоқталып, сол немесе басқа түрі қандай қызметпен байланысты екені түсіндірілді.
Оқушылар ақпаратты қызығушылықпен қабылдап, өз пікірлерін білдірді, өз қызығушылықтарымен және болашақ мамандық туралы ойларымен бөлісті.