Психология онкүндігі аясында біздің мектепте «Өзін-өзі қолдау дәйексөздері»акциясы ұйымдастырылды.

Психология онкүндігі аясында біздің мектепте «Өзін-өзі қолдау дәйексөздері»акциясы ұйымдастырылды. Әр қабатта оқушыларға стрессті жеңуге көмектесетін, сенімділікті арттыратын және өзін-өзі күтудің маңыздылығын еске түсіретін мотивациялық сөздер мен дәйексөздер орналастырылған.
Бұл бастаманың мақсаты-әр оқушы қолдау мен мотивацияны сезінетін мектепте жағымды атмосфера құру. Дәйексөздер өзін-өзі қабылдау, өзіне деген сенімділік және қиындықтарды жеңу тақырыптарын қамтиды. Оқушылар мейірімділік пен өзара көмекке толы кеңістік құра отырып, өз дәйексөздерімен бөлісуге мүмкіндік алды.
Барлығын осы сөздерден шабыт алуға және есте сақтауға шақырамыз: қолдау өзімізден басталады!

Қосымша ақпарат көздері