7 қараша Астраханка орта мектебінде кәсіптік бағдар беру мақсатында 8 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ақылды бейсенбі» іс-шара өткізілді.

7 қараша Астраханка орта мектебінде кәсіптік бағдар беру мақсатында 8 – 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ақылды бейсенбі» іс-шара өткізілді.

Іс–шара мақсаты: Жоғары сынып оқушыларын еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеу және болашақ кәсіби қызмет саласын таңдау процесіне қолдау көрсету.

Осындай іс шаралар айына бір рет әртүрлі сала қызметкерлерімен кездесу түрінде өтетіні жоспарланып отыр.

Осы жолы өзіміздің мектеп қызметкері – директордың оқу-тәрбие жұмысы бойынша орынбасары Болат Дуанбайұлы Жуасбаевпен кездесу ретінде өткізілді. Кездесу барысында Б.Д. Жуасбаевтың еңбек жолы туралы бейнеролик көрсетілді. Кездесу өте қызықты өтті. Балалар өздерін қызықтыратын сұрақтарын қойып белсенділік танытты. Болат Дуанбайұлы қандай оқу орнында оқып, еңбек жолының қалай басталғаны туралы қызықты әңгіме айтты. Соңында болашақ түлектерге мамандық таңдауда көмек болатын ақыл-кеңестерін берді.

Келесі іс-шара қонағымыз балалардың қалайтын саладан болмақ.

Қосымша ақпарат көздері