Бірінші сыныпқа түсетін балалардың ата-аналарынан немесе өзге де заңды өкілдерінен құжаттарды қабылдау ағымдағы күнтізбелік жылдың 1 сәуірінен 1 тамызына дейін жүргізіледі. «Астраханка орта мектебі» КММ алты жастағы балаларды және ағымдағы күнтізбелік жылы алты жасқа толатын балаларды бірінші сыныпқа қабылдауды жүргізеді
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздемелер:
Ұсынылған құжаттардың және олардағы деректердің (мәліметтердің) анық қабылдауларды анықтау;
Ұсынылған құжаттардың Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №546 бұйрығымен бекітілген. Білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
1-сыныпқа мектепке құжаттарды қалай тапсыруға болады.
Егер Сіз мемлекеттік қызметтер порталы арқылы емес, мектепке құжаттарды тапсыруды шешсеңіз, келесі құжаттарды жинап, мектепке апаруыңыз керек:
- Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі. Салыстыру үшін түпнұсқаны алу керек.
- 3х4 өлшемді баланың суреті (2 дана)
- №063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (егу картасы)
- №026у-3 нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама (денсаулық паспорты)
- ПМПК қорытындысы (қажет болған жағдайда). Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар үшін педагогикалық-медициналық-психологиялық комиссияның қорытындысы қажет.
Мектеп қабырғасында Сізге толтыру үшін өтініш формасы беріледі. Сондай-ақ, «ата-аналар мен мектеп арасындағы білім беру қызметтерін көрсетуге арналған шарт», «отбасының әлеуметтік паспорты»сияқты бланкілер болуы мүмкін. Мұның бәрін толтыру және тапсыру қажет болады.