Бүгін 2025 жылғы 17 сәуірде Астраханка орта мектебіне кәсіптік бағдар беру мақсатпен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж ұстаздары және студенттері келді.

Бүгін 2025 жылғы 17 сәуірде Астраханка орта мектебіне кәсіптік бағдар беру мақсатпен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледж ұстаздары және студенттері келді. Кездесуді студенттер шағын концерттік нөмірлерімен бастады. Сахналық көрініс, би, оқыған өлең жолдары және әндері олардың жан жақты екенін білдіреді. Болашақ түлектеріміздің көңілдерінен шықты. Кездесу барысында әдеттегідей колледжге түсу тәртібі, ол жерде қандай мамандықты таңдауға болатыны, стипендия, тағы басқа ерекшеліктері туралы айтылды. Осы кездесуден кейін түлектеріміздің ішінен Мағжан Жұмабаев атындағы жоғары колледжді таңдайтындар көбірек болады деп сенеміз. Аяқталу сәтінде колледж туралы брошюралар таратылды.

Қосымша ақпарат көздері