5–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу КММ «Астрахан орта мектебі»

5–11 сынып оқушыларымен профилактикалық кездесу КММ «Астрахан орта мектебі»

Құқықтық тәрбие беру аясында КММ «Астрахан орта мектебінде» 5–11 сынып оқушылары арасында полиция майоры Мұқжанов А.А. қатысуымен профилактикалық әңгіме өткізілді.

Іс-шараның басты тақырыбы – «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу» болды.

Кездесу барысында келесі маңызды және өзекті мәселелер қарастырылды:

Буллинг ұғымы, оның түрлері мен салдары;

Жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен темекі шегудің зияны, денсаулыққа және болашаққа әсері;

Қоғамдық тәртіпті сақтау, мәдениетті және жауапты мінез-құлықтың маңыздылығы;

Әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік туралы:

– қай жастан басталады,

– қандай әрекеттер үшін,

– қандай жаза түрлері қарастырылған.

Кездесу ашық диалог форматында өтті. Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды.

Мұндай іс-шаралар оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, өз әрекеттеріне саналы түрде қарауға, жауапкершілікті сезінуге көмектеседі.

Қосымша ақпарат көздері