2025 жылғы 16 мамырда «Астрахан орта мектебі» КММ-де «Жыл қорытындысы» тақырыбында алпы мектептік ата-аналар жиналысы өткізілді.
Жиналыс барысында келесі мәселелер қаралды:
1. 9 және 11-сынып оқушыларының қорытынды аттестациясы.
2024–2025 оқу жылындағы оқушылардың жетістіктері айтылды.
Оқу ісі жөніндегі директордың орынбасары Жуасбаев Б.Д. сөз сөйледі.
2. Психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің (ППҚҚ) қызметі.
Педагог-психолог Сатанова М.Ж. бұл қызметтің бағыттары және оқушылар мен ата-аналармен өзара әрекет ету ерекшеліктері туралы айтып берді.
3. Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру.
Каникул кезіндегі қауіпсіздік және балалардың терезеден құлап кетуінің алдын алу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Ақпаратты әлеуметтік педагог Попова Т.Л. ұсынды.
4. Жол-көлік оқиғаларының профилактикасы.
Учаскелік инспектор Мукжанов Ә.А.жазғы демалыс кезінде жолда жүру ережелерін сақтау туралы ата-аналарға ескертті.




















