«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында және мектепті абаттандыру жоспарына сәйкес,

КММ «Астрахан орта мектебінің» аумағында ескі ағаш қоршауды ауыстыру бойынша ауқымды жұмыс жүргізілді.

Тозған қоршаудың орнына берік металдан жасалған профлист пен металл евроштакетниктен құралған жаңа қоршау орнатылды.

Аталған жұмыс мектеп директорының бастамасымен, «Астраханское» ЖШС және Касенов ЖК демеушілігімен жүзеге асырылды.

Оқушылар мен мектеп ұжымы үшін қолайлы жағдай жасауға үлес қосқан барша жандарға шын жүректен алғысымызды білдіреміз!

Қосымша ақпарат көздері