«Таза Қазақстан» акциясы және «Таза бейсенбі» бастамасы аясында
Мектебіміздің педагогтары мен техникалық қызметкерлері аумақты абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Осы күні гүлзарлардағы арамшөптер жұлынып, жол жиегіндегі шөптер шабылды, сондай-ақ клумбалар қопсытылып, ретке келтірілді. Ұжымның тынымсыз еңбегінің нәтижесінде мектеп аумағы таза әрі көрікті күйге енді. Мұндай шаралар білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін қолайлы және жайлы орта қалыптастыруға ықпал етеді.




















