Мектебімізде 4-сынып оқушылары үшін әсерлі де қуанышты бітіру кеші өтті. Оқушылар бастауыш мектеппен қоштасып, өздерінің алғашқы ұстаздарына және ата-аналарына алғыстарын білдірді. Мерекелік кеште өлеңдер оқылып, әндер шырқалды, жылы лебіздер мен мектеп өміріндегі естеліктер айтылды. Оқушыларға естелік дипломдар мен сыйлықтар табысталды. Бұл күн – балалардың өміріндегі маңызды кезеңдердің бірі болды. Енді оларды орта буында жаңа білімдер мен қызықты жаңалықтарға толы мектептік саяхат күтіп тұр.




















