Бүгін жазғы лагерь аясында балалар үшін мектеп маңындағы табиғатқа қызықты жорық ұйымдастырылды. Ауа райы жылы әрі шуақты болды, балалар серуенге қуана шықты. Серуен барысында олар таза ауамен тыныстап, табиғатты тамашалап, қозғалмалы ойындар ойнады.
Серуеннің белсенді бөлімінен кейін балалар шағын пикник ұйымдастырып, ашық аспан астында демалды.
Мұндай күн балаларға керемет көңіл күй сыйлап, лагерь қатысушылары арасындағы достықты нығайтып, бұл жаздың жарқын естелігіне айналды!











