Психологиялық денсаулық онкүндігі аясында «Астрахан ОМ» КММ-де «Буллинг» психологиялық тренингі өткізілді. Мақсаты: мектеп ортасында буллингтің алдын алу.
Міндеттері: балалардың қорлау, қорқыту, психологиялық зорлық-зомбылық сияқты ұғымдарға теріс көзқарасын қалыптастыру.
* Қорқыту жағдайларынан шығу дағдыларын дамыту.
* Құрдастарына төзімділікті тәрбиелеу.
* Тұлғааралық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
Балалар педагог психологтың әңгімесін тыңдап, талқылауға қатысты, бейнероликтер көрді, сұрақтар қойып, пікір алмасты, ойын ойнады.
Сондай-ақ, буллинг тақырыбына түсіндіру жұмыстары жүргізілді. (жаынама)