Бүгін 2023 жылғы 21 қазанда «Астрахан ОМ» КММ – де 5-11 сынып оқушылары мектеп Парламентіне Президент сайлауына қатысты. Бұл күні БЕЛСЕНДІЛІК жоғары дәрежеде болды. Балалар дауыс беру барысын қызығушылықпен бақылап отырды, әр сынып өз кандидаты үшін алаңдады. Балалар кезекке тұрды, барлығы тез дауыс беріп, сайлау нәтижелерін білгісі келді. Бірақ комиссия мүшелері жасырын дауыс беру ережелерін қатаң сақтады, бақылаушылардың пікірінше, сайлау бұзушылықсыз өтті.