Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 28.11. «Астрахан ОМ» КММ-де ҚР ІІМ Қостанай академиясының бакалавриат бағдарламасы бойынша кандидаттарын іріктеу бойынша СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №52 мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары әділет майоры Ғинаят Дүйсенбайұлы Оразбаевтың және СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаменті № 52 мекеменің кадрлық саясаты тобының аға инспекторы әділет майоры Гүлжан Серкелбайқызы Ақпаеваның қатысуымен кәсіптік бағдар беру жұмысы өтті. Кездесу барысында балаларға білім беру мекемесі туралы және құқық қорғау органдарындағы қызметкерлердің қиын жұмысы туралы қажетті ақпарат берілді. Студенттердің өмірі және академияны бітірген кездегі жұмысы туралы бейнеролик көрсетілді.

Қосымша ақпарат көздері