«Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет»

25 қараша мен 10 желтоқсан аралығында «Зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік белсенді әрекет» халықаралық акциясы өтуде. Бұл акция зорлық-зомбылыққа қарсы алдын алу жұмыстарын жүргізудің белсенді нысандарының бірі болып табылады. Аталған акция барысында «Зорлық-зомбылықсыз және қатыгездіксіз балалық шақ» профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Балалар зорлық-зомбылық ұғымымен және оның түрлерімен танысты, «Зорлық-зомбылықсыз үй» және «Балаларға зорлық-зомбылық» бейнероликтерін көрді, әңгімеге қатысты. Сондай – ақ, балалар отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығымен тағы да танысты (тел.111).
Іс-шараның мақсаты: балалардың қатыгездік пен зейінсіздіктің барлық түрлерінен қорғану құқықтарын іске асыру, балаларға қатысты зорлық-зомбылықтың барлық түрлерін жою, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылады.
Педагог-психолог: М.Ж. Сатанова

Қосымша ақпарат көздері