2025 жылғы 3-4 мамыр күндері Астрахан орта мектебінің оқушылары, Балалар мен жасөспірімдер аула клубының тәрбиеленушілері – Бейсенова Милана, Бердалина Тамирис, Блажнюк Иван, Исмагилова Аделя және Касенова Айсулу – 9, 11, 13 жасқа дейінгі ұлдар мен қыздар арасындағы тоғызқұмалақтан облыстық чемпионатқа қатысты. Бұл жолы ойындар 3 мамыр күні «классика» бойынша, ал 4 мамыр күні «блиц» форматында өткізілді. Классикада Айсулу ерекше көзге түсіп, 5-орынды иеленді, ал Тамирис үздік ондыққа еніп, 9-орын алды. Блицте Айсулу, Иван және Аделя өздерін жақсы қырынан көрсете білді. Балаларды сәтті өнер көрсетулерімен құттықтаймын және алдағы уақытта да табыс тілеймін!



