30 сәуір күні «Астраханка ОМ» бастауыш сынып оқушыларының отбасылары арасында «Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте» атты танымдық және шығармашылық байқау өтті. Шараның басты мақсаты — отбасы мен мектептің бірлесе отырып мемлекеттік тілді үйренуге деген ынтасын арттыру, қазақ тіліне деген қоғамдық қызығушылықты ояту, оны күнделікті өмірде қолдануға ынталандыру болды.
Байқау үш кезеңнен тұрды:
Таныстыру – командалар өз атауын, эмблемасын, ұранын таныстырып, отбасы мүшелерін қазақ тілінде таныстырды.
Сұрақ-жауап – қатысушыларға зияткерлік және қарапайым сұрақтар қойылып, жауап беру арқылы білімдері сыналды.
Шығармашылық бөлім – отбасылар ән айтты, би биледі, көркем сөз оқыды және сахналық көріністер ұсынды.
Барлық қатысушылар қазақ тілінде еркін сөйлеуге тырысып, өздерінің еңбегі мен дайындықтарын көрсетті. Байқау жоғары деңгейде, қызықты және жылы атмосферада өтті.
Шара соңында жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар естелік сыйлықтармен марапатталды.
Мұндай іс-шаралар мемлекеттік тілді дәріптеу, отбасылық құндылықтарды насихаттау және оқушылардың тілге деген сүйіспеншілігін арттыру бағытында маңызды рөл атқарады.


