Буллингке қарсы акция: «Қорлауға – ЖОҚ дейік!»

Буллингке қарсы акция: «Қорлауға – ЖОҚ дейік!»

Мектебімізде қауіпсіз мектеп ортасын қалыптастыру апталығы аясында «Буллингке – ЖОҚ!» атты акция өткізілді. Акция шеңберінде оқушылар буллингке қарсы үгіт-плакаттар дайындады.

6–9 сынып оқушылары бұл тапсырманы үлкен қызығушылықпен орындады. Плакаттарда олар:

достық пен өзара көмектің маңызын;

буллингтің құрбандарына тигізетін зиянын;

бір-біріне құрметпен қарау мен қолдау көрсетуге үндейтін ойларын бейнеледі.

Көптеген жұмыстар ерекше креативпен орындалды: суреттер, ұрандар, коллаждар, комикстер қолданылды.

Мақсаты: оқушылардың буллинг мәселесіне назарын аудару, зорлықсыз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру және қауіпсіз, мейірімді орта құруға атсалысу.

Есте сақтайық: жылы сөз, қолдау мен қамқорлық – мектептегі жағдайды жақсартудың басты жолы. Бірге – буллингке қарсы тұрайық!

Источник дополнительной информации