Мектебімізде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында тазалық пен тәртіпті сақтау, мектеп аумағын көркейту бойынша бірқатар жұмыстар жүргізілуде.
Аталған шараға мектеп ұжымы белсене қатысуда.
Атап айтқанда, мектептің қоршауы жаңартылып жатыр. Бұл жұмысқа мектептің ер-азаматтар құрамы — мұғалімдер мен техникалық қызметкерлер өз еркімен жұмылып, күш біріктіріп, мектепке жанашырлық танытуда.
Қол еңбегімен атқарылған бұл жұмыс:
мектеп аумағының қауіпсіздігін арттырады;
сыртқы көрінісін жақсартады;
оқушыларға еңбектің үлгісін көрсетеді.
Бұл бастама – ұжымдық бірліктің, жанашырлық пен азаматтық жауапкершіліктің жарқын көрінісі. Мұндай игі істер мектеп оқушыларына үлгі болып, туған мектепке деген сүйіспеншілікті арттыратыны сөзсіз.
Мектеп – баршамыздың ортақ үйіміз. Оған қамқор болу – әрбіріміздің азаматтық парызымыз!
